Баланың жазғы демалысы ол қалай ұйымдастырылғалы отыр?

Балалардың асыға күтетін үш ай каникулы да әне-міне дегенше болып қалды. Биыл жазғы маусымда  облыс бойынша төрт лагерь жұмысын бастайды. Онда 3678 оқушы демалады. Сондай-ақ,  мектеп жанында  124 лагерь ұйымдастырылады. Мұнда 7683 бала тынығады. Ал, 17 шипажай үлгісіндегі демалыс орнына 980 оқушыны жіберу жоспарланған.

Балалар мен жасөспірімдердің тиімді демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру қалай жүргізіледі? Енді осы сұрақтарды саралап көрейік.

Дайындық пысықталды

Өткен аптада №18 орта мектепте облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті мен облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен бірлескен семинар өтті. Бұған облыс аудандарының, қаланың жазғы сауықтыру мекемелері мен мектеп жанындағы лагерь басшылары және медицина, асхана қызметкерлері қатысты.

Жазғы демалыс мекемелерінің жұмысын бастамас бұрын олардың санитарлық жағдайын қалыпқа келтіру шаралары жүргізілуі тиіс.

Толығырақ газетімізден оқи аласыздар

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз