Баланы соққыға жыққан тәрбиеші жұмыстан қуылды

20190619141811 Жаңалықтар

Atr.kz/20 маусым, 2019 жыл. Атырауда баланы ұрып-соққан балабақша тәрбиешісі жұмыстан қуылды. Қала билігі әлеуметтік желіде тараған видео бойынша осындай шара қолданды.

«Қалалық білім бөлімі тәрбиешінің мұндай әрекеті үшін кешірім сұрайды әрі педагог этикасын өрескел бұзып, мектепке дейінгі білім мекемесінің тәрбиеленушілеріне қаталдық танытқан тәрбиеші жұмыстан босатылғанын хабарлайды.

Қалалық білім бөлімі Атыраудағы барлық мектепке дейінгі білім мекемелерінің басшылары мен педагогтарына қызметтік міндеттемелерін адал атқару қажеттігін ескертеді. Мұндай әрекеттер үшін бірінші басшылар да жауапқа тартылып, тіпті лауазымынан босатылуы мүмкін», – деп мәлімдеді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз