Бала саны жетіден асатын отбасыларға жәрдемақы сомасы артады

11428980 Білім

Atr.kz/30 қаңтар, 2019 жыл. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов бала саны жетіден асатын отбасыларға жәрдемақы сомасын көтеру бастамасы келісімнен өткенін айтты.


«Биылдың қаңтарынан бастап көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан бөлек жәрдемақы енгізілді, яғни төрт және одан көп балаларға қатысты сараланған түрде төленуде. Әр балаға 10 600 теңгеден қарастырылады. Осы орайда талқылаулар барысында бір мәселе көтеріліп отыр.

«Көпбалалы деген ұғым бар екен, неліктен жеті баламен шектелдіңіздер?» деген уәж айтылды. Себебі біздің қабылданған заңымызда 7 және одан көп балаға 74 мың теңге көзделген», – деп тоқталды министр Парламент Мәжілісінде тілшілер сауалына жауап бере отырып.

 Айта кетсек, 2020 жылдан бастап отбасында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары, оның ішінде 23 жасқа дейін студент балалары бар отбасыларға төленетін мемлекеттік жәрдемақы көлемі мынадай: 4 балаға – 42 496 теңге, 5 балаға – 53 127 теңге, 6 балаға – 63 757 теңге, 7 және одан көп балаға – 74 388 теңге.

«Өткен айда бұл мәселені қарадық, депутаттармен талқыладық. Қазір депуттардың тарапынан сол қабылданған заңға өзгерістер ұсынылып отыр. Біз осы бастаманы толықтай қолдадық. Тиісті өзгерістер Үкіметтен шығып, Парламенттің қарауына келеді.

Осы орайда жобалап айтайын, егер 7 балаға 74 мың теңге болса, енді 8 балаға 85 мың теңге, 9 балаға 96 мың теңге, 15 балаға 160 мың теңгедей белгіленеді. Оған тиісті қаражатты қарастырдық.

Айта кетейік, Солтүстік Қазақстан облысында кәмелетке толмаған 15 баласы бар бір отбасы бар екен», – деді Біржан Нұрымбетов.

Оның атап өтуінше, аталған өзгерістер Үкіметте толық келісімнен өткеннен кейін, 1-2 күнде ол құжат Парламент қарауына келеді. Осыдан кейін тиісті тәртіп бойынша заң жобасы талқалаудан өтеді.

Дереккөз: http://»ҚазАқпарат»

http://atr.kz/egov/%D2%AFkimet-azamattardy%D2%A3-zejneta%D2%9By-zhina%D2%93yn-pajdalanu-m%D2%AFmkindigi-bojynsha-prezidentke-%D2%B1synys-berdi/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз