Бала кезден бергі сырласым

Бала кезден бергі сырласым Жаңалықтар

Ойыңды айтшы, оқырман!

Мен газетті бала кезімнен сырласымдай санаймын. Есейген соң өзім жаздыртып алатын болдым. Әкем Ұлы Отан соғысының ардагері Мырзағали Раханов сауатты кісі еді, үйге газет-журналдарды жаздыртып алып, оқитын. «Коммунистік еңбек» кезінен дос болған басылымның «Атырау» атанған кезінде де қолдап, мақалалар жазған едім. Ұстаз болып отыз жылдан аса қызмет еттім, осы күні зейнетке шықтым, бірақ, әлі де газетке құмарлығымнан айныған емеспін.

%d0%b1%d0%b0%d0%bb%d0%b0-%d0%ba%d0%b5%d0%b7%d0%b4%d0%b5%d0%bd-%d0%b1%d0%b5%d1%80%d0%b3%d1%96-%d1%81%d1%8b%d1%80%d0%bb%d0%b0%d1%81%d1%8b%d0%bc

Көршілеріме, өзімнің ауылдастарыма, ағайындарыма «Атырау» мен «Серпер» газеттерін жаздыртып алыңыздар» деп үнемі үгіттеп жүремін. Өзім де үзбей мақала беріп тұратын едім, жас ұлғайған соң компьютер теруге көзім ауыратын болғасын бүгінде тек оқумен ғана шектеліп жүрмін. Газет – жастардың тәрбиешісі. Рахымжан Отарбаев сынды жазушыларымыздың туындыларын, ғұламалар мен қарапайым оқырман сырларын оқығанда бір жасап қаламын.

«Атырау» – облыс айнасы,

Халқына тиер пайдасы» деп сеніммен айта аламын.

София МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ,

зейнеткер-ұстаз.

Құрманғазы ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз