Бүгін – Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні

0a4c5bb078087b0a8263f3c69ebfb041 resize w 520 h Жаңалықтар

28 маусым – елімізде бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің, сонымен бірге байланыс саласы мамандарының кәсіби мерекесі.

0a4c5bb078087b0a8263f3c69ebfb041_resize_w_520_h_

Әуелде Тәуелсіз Қазақстанның журналистикасы күні 10 мамырда атап өтіліп келді. Себебі 1870 жылы дәл осы күні қазақ тіліндегі алғашқы басылым – «Түркістан уәлаяты» газетінің алғашқы саны жарық көрген еді.

1997 жылы бұл дата өзгертіліп, журналистердің кәсіби мерекесі БАҚ туралы қазақстандық алғашқы заң шыққан күн 28 маусымға белгіленді. Ол «Баспа және өзге де бұқаралық ақпарат құралдары туралы» ҚазКСР Заңы деп аталды. Сол жылдан бастап тілшілер мерекесі маусымның соңғы жексенбісінде атап өтіліп келді.

2011 жылдың қазанында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі кәсіби және басқа да мерекелер тізімінің жаңа редакциясын мақұлдады. Оған сәйкес, 28 маусым Байланыс және ақпарат құралдары қызметкерлері күні болып бекітілді. Мерекеден тыс елімізде тілшілер арасында жыл сайын дәрежелі байқаулар жарияланып, төртінші билік ел дамуына өзіндік үлесін қосып келеді.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз