Бүгін Атырауда аламан айтыс өтеді

282164 Жаңалықтар

Бүгін Махамбет атындағы облыстық қазақ драма театрында сағат 14:00-де республикалық ақындар айтысы өтеді.

282164

Еліміздің айтулы айтыскер ақындары бас қосатын аламан сайыста Айнұр Тұрсынбаева (Астана), Балғынбек Имаш (Алматы), Жакен Омаров (Алматы), Нұрлан Мұсаев (Ақтау), Сара Тоқтамысова (Астана), Жандарбек Бұлғақовтармен (Астана) қатар, біздің облысымыздың атынан Саадат Нұрманов, Салауат Исахаев, Сырымбек Сарсембаевтар өнер көрсетеді. Мұнайлы өлкедегі айтыс «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамының 95 жылдығына орай компания қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

Айбөпе САБЫРОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз