Азаматтардың назарына!

telefon skrutuu deneshnuu resurs Жаңалықтар

Терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адамдарға сыйақы беріледі.

telefon-skrutuu-deneshnuu-resurs

Қоңыраулар бірыңғай «110» нөміріне соғу арқылы жүзеге асырылып, ҰҚК департаменттерінің кезекші қызметтеріне түседі.

Сыйақы бір рет төленеді және мынадай тәртіппен белгіленеді:

1) 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 255 бабының бірінші және екінші бөліктерінде көзделген терроризм актісі туралы қылмыстық істер бойынша – 750 (жеті жүз елу) айлық есептік көрсеткіш;

2) қылмыстық кодексі 255 бабының үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген терроризм актісі туралы қылмыстық істер бойынша – 1000 (бір мың) айлық есептік көрсеткіш.

«Терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидаларын бекіту туралы» шыққан ҚР Үкіметінің № 685 қаулысы 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Терроризм актісі жөнінде жалған ақпаратты мәлімдеуді қоспағанда терроризм актісі туралы ақпарат расталмаған жағдайда (ҚР Конституциясы 36 бабы) тұлғалар жауапқа тартылмайды.

Мереке Асанова

ATPress.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз