«Қазақстанның киелі жерлері» жобасына Атыраудан тағы 2 кешен ұсынылды

ФОТО КИЕЛІ ҚАЗАҚСТАН Жаңалықтар

«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын жүзеге асыру аясында облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиевтің төрағалығымен «дөңгелек үстел» өтті. Оған қатысқан «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы, саясаттанушы, тарихшы Берік Әбдіғалиұлы мен ғылыми кеңесші, тарих ғылымдарының докторы Зейнолла Самашов Атыраудан ұсынылған киелі мекендер тізімі тым аз екендігін сынға алды.

ФОТО - КИЕЛІ ҚАЗАҚСТАН

Олардың айтуларынша, аталған жобаға қойнауы тарих пен тағылымға толы құт мекеннен төрт қана географиялық нысанның енуі аздық етеді. Олар – Сарайшық, Ақмешіт, Ұшқан ата және Махамбет Өтемісұлының кесенесі. Сондықтан, жергілікті ғалымдар мен өлкетанушылар ақылдасып, тағы бірнеше нысанды қосу қажеттігін алға тартты. Расымен де, Атырауда киелі жерлер көп-ақ, тек жан-жақты зерттеуді қажет етеді. Мұны жергілікті тарихшы-этнограф ғалымдардың өздері де мойындайды.

Өз кезегінде, құрамына әр саладан 18 өкіл енген облыстық комиссия мүшелері республикалық тізімді Индердегі «Тұздыкөл» мен «Иманқара-Қойқара» тарихи-тағылымдық, әрі туристік-танымдық кешендерімен толықтыруға ұсыныс жасады. Жиынның келесі бөлігі өңірлік коммуникациялар қызметі орталығында өткен баспасөз конференциясында жалғасты. Мұнда спикерлер журналистердің қойған сауалдарына нақты жауап берді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз