Қазақстандықтар желтоқсан айында 13 күн демалады

ФОТО ЖЕЛТОҚСАН Жаңалықтар

Қазақстанда желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні және Тәуелсіздік күні мерекелері өтеді. Қазақстандықтар қосымша үш күн демалады.

ФОТО - ЖЕЛТОҚСАН

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні жұмаға келіп тұр, сол себепті қазақстандықтар 1-і мен 3-і аралығында үш күн қатарынан демалады. Бұл шарт 5 күндік жұмыс аптасына қатысты, ал 6 күндік жұмыс аптасында 2 желтоқсан жұмыс күні.

Тәуелсіздік күні – 16-17 желтоқсан, ол сенбі мен жексенбі күндеріне келіп отыр. Қазақстандағы мерекелік күндер туралы заңға сәйкес, демалыс күні мерекелік күнмен қатар келетін болса, мерекелік күннен кейінгі жұмыс күнінде демалыс болады.

Осылайша, қазақстандықтар 16-19 желтоқсан аралығында қатарынан 4 күн демалады.

Жалпы, биылғы желтоқсан айындағы демалыс 13 күнді құрап отыр.

Айқара Ғұмар

Фото kadry.mcfr.kz сайтынан алынған

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз