«Қазақстанда жасалған»-«Самғау» байқауының бірінші кезеңінің нәтижесі анықталды

photo 2017 01 16 17 28 50 1 Жаңалықтар

«Самғау»-«Қазақстанда жасалған» байқауының бірінші кезеңінде екі жүзге жуық үміткерлер қатысты. Байқауға көбіне 18-29 жас аралығындағы үміткерлер қамтылды» деп атап өтті «Халық маркасы» қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы Римма Тәжібаева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен байқау қорытындысына арналған баспасөз-мәслихатында.

photo_2017-01-16_17-28-50

«Отандық өнім шет ел өнімнен асып түспесе, кем түспейді. Өткен тауарлармен салыстырғанда, қазіргі шығарылып жатқан тауардың сапасы едәуір көтеріліп, тиімділігі артты. Дизайны жағынан да біршама жақсарды. Дегенмен де, отандық тауарлардың артықшылықтарын насихаттауда біршама кемшіліктер кеткені байқалды. Аталмыш байқау осы орын алған олқылықтардың орнын толтыру және журналистер қауымының күшін біріктіру мақсатында ойластырылған болатын. Алға қойған мақсатымызға жетіп, журналистер арасында өнімге деген қызығушылықты артттыра алдық деп ойлаймын»  деді Римма Тәжібаева.

Шара барысында байқаудың бірінші кезеңінің нәтижесінің қорытындысы жарияланып, аймақ жеңімпаздарын анықтады. Сондай-ақ, жеңімпаздардың қай елге сапар шегетіні де айтылды. «Самғау» ұлттық байқаудың жеңімпазы Астана қаласы бойынша «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Арнұр Асқаров Грузияға және Bag.kz порталының тілшісі Дәулет Жиенқұлов Біріккен Араб Әмірлігіне  туристік саясатқа бару бақытына ие болды.

Сонымен қатар, Алматы қаласы бойынша блогер Вера Ляховская (Қытай) және Nur.kz порталының редакторы Ақырыс Сейітқазы (Индия), Ақмола облысы бойынша «Қазақстан-Көкшетау» телеарнасының редактор жүргізушісі Раушан Сайлауқызы (Ресей Федерациясы), Алматы облысы бойынша «Bnews.kz» ақпараттық агенттігінің меншікті тілшісі Хасан Еспанов (Әзірбайжан), Қарағанды облысы бойынша «Орталық Қазақстан» облыстық газетінің жауапты хатшысы Нұрқанат Канафин (Украина), Маңғыстау облысы бойынша «Маңғыстау» облыстық газетінің тілшісі Валентина Козыбакова (Түркия), Жамбыл облысы бойынша  «Shyraiber.kz» ақпараттық агенттігінің бас редакторы Айшат Жуасбаева (Белоруссия), Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «Оңтүстік Қазақстан» қоғамдық-саяси облыстық газетінің тілшісі Жамиля Мамырали (Армения), Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Неделя СК» апталық жарнама-ақпараттық облыстық газетінің шолушысы, «Информбюро» ақпараттық агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысындағы тілшісі Алена Любушак (Тайланд), Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Қазақ радиосының» меншікті тілшісі Дәулет Әбілқасымов (Мысыр)  жеңімпаз атанды.

«Халық маркасы» қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы Римма Тәжібаеваның мәліметі бойынша, жеңімпаздар тобы «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесі аясында таяуда «Халық маркасы» павильонын ұйымдастырушылар құрамымен әлемнің 12 еліне сапар шегеді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз