Қазақстан допинг дауынан кейін әлем чемпионатында 11 орынға тұрақтады

Жаңалықтар

Қазақстандық биатлоншылар қонақ үйлер тінтілген шудан соң Австриядағы әлем чемпионатында аралас эстафетадан 11 орын иеленді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі.

pogudx3jg04ffc340g.dde3191b

Аралас эстафетада (2х6 шақырым әйелдер+2х7,5 шақырым ерлер) қазақстандық квартет мәреге 11-ші болып жетті. Эстафетада Қазақстанның намысын Ольга Полторанина, Анна Кистанова, Максим Браун және Ян Савицкий қорғады.

 Жарыста бірінші орынға немістер қол жеткізсе, күміс жүлдені Франция иеленіп, Ресей елі мәреге үшінші болып табан тіреді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Австрияның құқық қорғау органдары Хохвильцендегі биатлоннан әлем чемпионаты алдында Қазақстан құрамасы орналасқан қонақ үйге тінту жүргізген болатын.

Қазақстан құрамасы орналасқан бөлмелер мұқият тексеріліп, көптеген медициналық құрылғылар мен тыйым салынған препараттар табылған еді. Қазіргі уақытта табылған дәрі-дәрмектер Австрияның допингке қарсы ұлттық агенттігіне жіберілді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз