Қазақ поэзиясының ақиығы

ораза0ын4 Жаңалықтар

ғасырда өзінің жалынды жырларымен қазақ поэзия әлемінде өшпес шуақ қалдырған Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Атырау топырағының асыл перзенті Хамит Ерғалиұлының туғанына 100 жыл толды. Ол өткен ғасырда өмір сүргенімен, қазіргі ғасырдың әдебиет әлеміне арнап  поэтикалық  ғимарат тұрғызып кеткен еді.

%d0%be%d1%80%d0%b0%d0%b7%d0%b00%d1%8b%d0%bd4

Хамит Ерғалиевтің шығармашылығы отызыншы жылдардың орта кезінде басталды. Алғашқы өлеңдері газет беттерінде жарық көріп, оқырманын бірден жаулап алды. Жас ақын өлең-жырлармен қатар, «Ұлы кек», «Ақырап», «Шыңдағы сұлу», «Дүние теңселгенде» деген дастандар да жазды. Ақынның таланты Ұлы Отан соғысы жылдарында ерекше көрінді. Майданда жүріп, ой өрнектерін дәптеріне түсіре берген екен. Алайда, төрт жыл бойына жазған  өлең  дәптері  жоғалған  көрінеді. Бұған  Хамит аға  өмір бойы өкінді. Сол дәптермен  бірге жас ақынның жастық адуын көңілі, асқақ толғаныстары да жоғалғандай.

Баспасөз беттерінде соғыстың соңын ала қазақ поэзиясындағы ерекше құбылыс болып «Әке сыры», «Жас ана» дастандары жарияланғанда  халыққа  ақын ретінде анық танылды. «Дүниеге ақын келді» деп ел дүр сілкінді. Бұл заңды еді. Өйткені, қазақ өлеңінде жаңа леп есті.

Ақын шығармашылығы  жаңа дастандармен басталғанда: «Хамит деген ақын өлеңнен гөрі тек дастан жазады екен» деген лақап тарапты. Өлеңсүйер халықтың бұлай деуіне ақынның майдан дәптерінің жоғалып, бейбіт кезеңдегі өлеңдерінің жаңаша  көрінуі себепкер еді. Ақындық өлеңнен бастау алып, өлеңмен қалыптасады. Кейіннен  молырақ  дүниеге  келген  өлеңдері   мәрмәр  тастан қашап  тастаған ерекше келбетті  мүсіндердей. Хамит өлеңдері – тұп-тұтас азаматтық лирика. Ал, мұның өзі талай тақырыптарға салаланады. Адам өмірінің алуан мәселелері қозғалады: бейбітшілік, соғысқа лағнет, болашақ, халықтар достығы, Отан, туған ел, тағысын тағылар.

Мойынты-Шу теміржол құрылысына арналған «Үлкен жолдың үстінде», елдегі еңбек қасиетін толғаған «Сенің өзенің», ауылдың кескін-келбетін, тыныс-тіршілігін суреттеген «Біздің ауылдың қызы», азамат соғысындағы айбынды ерлердің ерлігін бейнелеген «Оралдағы отты түн», халықтар достығына назар аудартқан «Аңыз ата», күй атасы Құрманғазы туралы «Құрманғазы» дастан-дилогиясы, «Күй-дастан», «Қыз-хисса», «Шекара сырын шертейік», «Қаһарман хикаясы», «Жылдар-жылдар», «Өлке шежіресіндегі өрнектер», тағы басқа дастандар жазды. Академик Зейнолла Қабдолов былай дейді: «…Осының бәрі Хамит Ерғалиевтің әр алуан дәуірлік кесек шындықты көркем жинақтардағы әдемі әрекеті болса, өнер тұрғысынан қарасақ, қазақ поэзиясының күрделі эпикалық жанрын дамытудағы айта қаларлық абыройлы еңбегі деп білген жөн».

Хамит – жаңашыл ақын. Біз оның әр өлеңінен, әр дастанынан өлең өрнегінде болсын, сөз кестесінде болсын, жаңалықты мол ұшыратамыз.

«Хамаң өлеңнің құрылымдық, ұйқастық, ырғақтық, саздық тағымдылығына аса қатты мән берген. Ал, таңғалмасыңа қоймайтын соны да тосын ұйқас жасауда Хамит нағыз рекордсмен деп ойлаймын» – дейді Әбіш Кекілбаев.

Ақын поэзияда әрдайым шалқып өтті. Ол туған елінің бірде шығысында, бірде батысында жүрді. Аққудай аппақ басы жарқ етіп, Атырауға келсе, қарлы шыңды Алатау көшіп келгендей, Алатауға барса, ақжал толқынды Атырау көшіп барғандай болатын. Хамит ақын  әрқашан халық құшағында  жүретін, енді поэзиясы халықпен  мәңгі бірге.

Дүлдүл ақын Хамит поэзиясы ғасырлар бойына қазақ халқымен бірге жасай береді.

Қадыр ЖҮСІП,

Х.Досмұхамедов атындағы

Атырау мемлекеттік

университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы.

 

Шекспирді  қазақша  сөйлеткен…

Қазақ әдебиетіне өзіндік дара із қалдырған, биыл туғанына 100 жыл толып отырған Хамит Ерғалиевқазақ оқырмандарына кең тынысты, эпикалық үн туындыларымен барынша танымал болған суреткер. Олқырыққа жуық кітаптың авторы. Оның ішінде жиырмаға жуығыдастанпоэмалар. Хамит Ерғалиев Пушкиннің, Ломоносовтың, Шекспирдің, Байронның, Назым Хикметтің, Павло Неруданың, А.Сурковтың және басқа да көптеген ұлт ақындарының шығармаларын қазақ оқырмандарына таныстырып кетті. Ақынның төл туындылары да венгер, тәжік, қырғыз және басқа да тілдерге аударылды.

Өз дәуірінің тарихи тақырыптарына да батыл барып, тың дүниелерді әкелген Хамит аға ұлттық әдебиетімізге өзіндік қолтаңбасымен келіп, поэзия жанрындағы лириканың ең бір керемет, сұлу да сазды түрі – сонет жанрының қалыптасуында үлкен еңбек етті. Ағылшынның ұлы перзенті У.Шекспирді тұңғыш рет қазақша сөйлетіп, өзі де екі жүзден астам сонет жазды. Тақырыптық диапазонының ауқымды, әсіресе, ел тәуелсіздігін жырлауы, халықтың қуанышы, көк байрағымыздың көк аспанда желбіреп, бүкіл әлемге «Қазақстан» деген ел бар екенін мойындатуы ақынды тағы бір танытқандай еді:

«Көрікті елдің көк туы үстімізде,

Тәуекел деп түспеген, түстік ізге.

Алдамшы емес, бұл жолы шын бұйыртқай,

Құдай бақ құсты бізге…» – деп жырлай келе, бүгінгі күннің аса маңызды мәселесі – бейбітшілік, халықтар достығы, ел тыныштығын тереңнен толғайды.

Хамит Ерғалиев – ақиық ақын ғана емес, сонымен қатар публицист қаламгер. Осы жанрда да ол көптеген қаһарман кейіпкерлерді дүниеге әкелді. Қорыта келгенде айтарымыз, Хамит Ерғалиев – XX ғасырдағы поэтикалық жанрды түлеткен бірден-бір санаулы эпиктердің бірі.

Қаламгердің шығармашылығы мен ақындық әлемі әлі де терең зерттеулерді қажет етеді. Өйткені, ақиық ақын шығармашылығы оқырман қауым мен әдеби сынның сыншыл сынынан, биік талғамынан әу бастан-ақ кідірмей, мүдірмей өтіп, қазақ әдебиетінде мәңгі өшпес із қалдырды.

Айсұлу САДЫҚОВА,

филология ғылымдарының кандидаты, профессор.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз