«Қазақ оркестрінің қарлығашы»

казак оркестр Жаңалықтар

Махамбет атындағы облыстық қазақ драма театрында ҚР Мәдениет қайраткері Рахила Құлсариеваның  мерейтойына және еңбек жолына 30 жыл толуына орай өткен шығармашылық кеш осылай деп аталды.

казак оркестр

Рахила Орынқызы – өнердің әр саласына өзінің жан-тәнімен, бар болмысымен берілген дарынды жан. Ол өзінің  өнерге деген құштарлығы арқылы  қазақ халық аспаптар оркестріне қыздар арасында алғаш болып дирижерлық тұғырға көтерілді.

Кеште Д.Нұрпейісова атындағы академиялық халық аспаптар оркестрі Рахила Орынқызының дирижерлығымен Дина Нұрпейісованың «Әсем қоңыр», Құрманғазы Сағырбайұлының «Серпер», Жоламан Тұрсынбаевтың «Бекет ата – пір баба» күйлерін орындады.

Шара барысында дирижердың өмір жолынан бейнебаян көрсетілді. Алматыдан  келген кеш қонағы,  Рахила Құлсариеваның ұстазы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, Н.Тілендиев атындағы мемлекеттік академиялық фольклорлық, этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің дирижеры, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жалғасбек Бегіндіков те сахна төріне көтеріліп, лебізін білдірді.

казак оркестр2

Сондай-ақ, Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрінің дирижеры Арман Жүдебаев та мерейтой иесіне арнайы сый-сияпатын табыстап, Алғыс хат ұсынды.

Кеште талантты дирижердың әкесі, Маңғыстау облысының Құрметті азаматы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Орын Құлсариев те болды. Ол  көп баланың ішінде қызының кішкентайынан қобыз аспабына деген ықыласы ерекше болғанын айтып, ұйымдастырушыларға  алғысын  білдірді.

Гүлдана ЖАМБОЗОВА,

Х.Досмұхамедов атындағы

Атырау мемлекеттік университетінің студенті.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз