Аймақ айнасы – «Атырау»

сырқайнар2 "ATYRAÝ"-ға 100 жыл!

«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деген екен Ахмет Байтұрсынов. Абыз айтқандай, бүгінгі «Атырау» қазыналы өлкенің айнасы, жұртшылықтың мінберіне айналып отыр. Сондықтан, бүгін біз оқырман пікірінің біразын жұртшылық назарына ұсынғанды жөн көрдік.

%d1%81%d1%8b%d1%80%d2%9b%d0%b0%d0%b9%d0%bd%d0%b0%d1%802

Ауылға  көбірек  көңіл  бөлінсе…

Әрине, біз ауыл шаруашылығының еңбеккерлері болғаннан соң алдымен, ауыл тақырыбындағы мақалаларды іздейміз. Бұл тұрғыда басылымда жарияланып жатқан материал көп.

Дегенмен, жергілікті шаруа қожалықтарының жайы не болып жатыр, олар кезіккен проблема қандай, осы жайлар кеңінен қамтылса дейміз. Сонымен қатар, алыстағы ауылдың ахуалын айтқанда, біздің қолдағы мүмкіндіктерімізді ескере бермейтініміз ой салады. Мәселен, Индер ауданындағы бұрынғы «Путь Ильича» совхозынан қалған 22 мал қыстағы бар. Оның біразы Көктоғай ауылына өте жақын орналасқан, кейбірінің арақашықтығы алты-ақ шақырымды құрайды. Ал, мұнда    жанға керектінің, тұрмысқа қажеттінің бәрі жеткілікті. Электр шамы самаладай жанып тұр. Тек көгілдір отын ғана тасымалданады.

Керісінше, өткенде теледидардан көріп отырмыз, кейбір елді мекендерде электр энергиясынан тапшылық байқалады. Салыстырмалы айтқанда, біздегі жағдайдың жақсылығы осыдан-ақ көрінеді емес пе?! Жастар бұл мүмкіндікті неге пайдаланбайды? Олар атқа шабамын, мал ұстаймын, тұрмысымды түзеймін десе қолдарын кім қағады? Кейінгі буын өкілдері уақыты келгенде ауылға жаппай бет бұрады деп ойлаймын.

«Атырау» алдағы уақытта осы тақырыптарды шынбайына жеткізіп жазса деймін.

Ғалымжан НҰҒЫМАНОВ,

«Жанбай» шаруа қожалығының жетекшісі,

Индер ауданы.

Оқып отырып, өнеге аламын

Атырау қаласындағы жасөспірімдер үйінің жұмыс жасап келе жатқанына биыл 16 жыл толады. Қазіргі күні жасөспірімдер үйінде 21 жеткіншек тәрбиеленуде. Оның 15-і жергілікті колледждерде оқиды, біреуі – жоғары оқу орнының студенті. Алты тәрбиеленушіміз жұмыс жасайды. Міне, осы жандардың өмірге бейім-делуі басты міндетіміз болып тұр.

Облыстық газет ұрпақ тәрбиесі туралы материалдарды аз бермейді. Алдағы күндері бұл тақырып басылымда кеңінен жүйелі түрде жарияланып тұрса деген ойым бар. Өйткені, бұқараның жасөспі-рімдер үйіне назар аударуы мұнда тәрбиеленушілерге үлкен ой салады.

Гүлбаршын ЕРАЛИНА,

жасөспірімдер үйінің меңгерушісі.

Атырау қаласы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз