«Айбын» әскери-патриоттық клубының салтанатты ашылуы болып өтті

WhatsApp Image 2018 12 13 at 11.44.54 Жаңалықтар

Әскери-патриоттық тәрбиенің рөлін күшейту туралы Президенттің Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру аясында Қасым Қайсенов атындағы №33 мектепте «Айбын» әскери-патриоттық клубының салтанатты ашылуы өтті. Салтанатты ашылу барысында әскери-патриоттық клубының тәрбиенушілері ант қабылдады.

WhatsApp Image 2018-12-13 at 11.44.54

Жас патриоттарды құттықтауға Ауған соғысы ардагерлер қоғамының өкілдері Ғабиден Қайыржанов пен Бауыржан Қуанғалиев, тыл ардагері ұлағатты ұстаз Сұлтангерей Елсеитов, филология ғылымының докторы, Ауған соғысындағы «Атыраулық жауынгерлер шежіресі» кітабының авторы Айгүл Ермекова, қорғаныс істері жөніндегі департаменттің әскери қызметшілері келді.

«Біздің жас ұрпақ – тәуелсіз Қазақстанның мұрасын жалғастыратын адамдар. Біздің еліміздің болашағының тағдыры өскелең ұрпағымыздың ақылды, күшті, еңбекқор, адалығына байланысты», – деп сенім білдірді Қайыржанов Ғабиден.

Қазіргі таңда, Атырау облысында ерікті негізінде 168 әскери-патриоттық клуб және 1 кадет сыныбы жұмыс жасауда.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз