АУЫР НАУҚАСҚА – 1,5 млн. ТЕҢГЕ

0 COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/28 шілде, 2020 жыл. Ауыр халдегі науқасты емдеуге 1,5 млн. теңге жұмсалады. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасы Болат Төкежанов айтып берді.

– Қазір қосымша 110 млрд. теңге бөлу мәселесі қарастырылып жатыр. Ал, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында елімізде қосымша 140 млрд. теңге бөлінеді. Бұл есептеулер әлі нақтыланатын бола­ды, өйткені олар коронавирус пен пневмония бойынша эпидемиологиялық жағдайдың қалай өрбитініне тікелей байланысты, – деді ол.

Басқарма төрағасының айтуынша, Қор КВИ диагности­касына, емдеуге және асқынуларға байланысты барлық шығынды медициналық ұйымдарға өтеу үшін емдеудің ауырлығын ескере отырып, жаңа тарифтер әзірледі. «Осы­лайша, коронавирустық инфекцияның жеңіл деңгейіндегі бір науқасты емдеу – 292 600 теңге, орташа деңгейдегі науқас – 446 100 теңге, ауыр науқасты емдеу – 1,5 млн. теңге. Өте ауыр халдегі бір науқасты емдеу үшін Қор 1,7 млн. теңге төлейді» деді Болат Төкежанов.

Азамат БАЗАРБАЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз