«Ауылдағы retro party» мюзиклі қойылды

жастар2 Жаңалықтар

Атырау қалалық әкімдігі және «Жас интеллектуал» ұйымының ұйымдастыруымен қала күніне орай «Тұрғындар қалашығының» саябағында «Ауылдағы retro party» мюзиклі қойылды.

жастар2

Әуесқой жастар театрының өнерін тамашалауға тұрғындар көп жиналған. Мюзиклдің бас кейіпкері – Ару, қазақ ауылдарының бірінде тұрады. Ол сценарий бойынша өз теңін таппақ ниетте ретро-пати сайысын ұйымдастырады. Сөйтіп, үміткер жігіттер өз өнерлерін ортаға салады. Жас актерлер ауылдың романтикаға толы бір күнін шебер сомдады.

«Жас интеллектуал» ұйымының төрайымы Гүлнұр Қайырлиева, мұндай кештердің жастардың бос уақытын тиімді өткізіп, жеке тұлға болып қалыптасуына септігі мол екендігін айтады. Енді, жастар театры республикалық дарындар додасы – Дельфи ойындарына қызу дайындалып жатыр.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз