Аумақтық сайлау комиссиясының жаңа құрамы сайланды

1 Жаңалықтар

     Облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХХVІІІ сессиясында депутаттар алдымен облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы мәселені қарады.

https://f.azh.kz/news-kaz/010/617/1.jpg

Облыстағы саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары негізінде  сессияда облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері жаңа  құрамда сайланды. Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 20-бабы 3-тармағының 7, 8-тармақшаларына сәйкес, облыстық мәслихаттың №1 сайлау округінен сайланған депутат Әли Әбішевтің жеке өтінішін негізге ала отырып, депутаттық өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату жөнінде шешім қабылдады.

Сессияда облыстық мәслихаттың заңдылықты сақтау, депутаттық этика, құқық қорғау, сондай-ақ, әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының есебі туралы тұрақты комиссия төрағалары А.Абдолов пен Г.Сәдуахасова баяндама жасады. Облыстық мәслихаттың хатшысы Ө.Зинуллиннің ұсынысымен облыстық мәслихаттың бюджет, қаржы, экономика және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағалығына депутат Ізтұрған Баймұқанов сайланды.

                                                                                                          Бақытжан ЖҰМАТ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз