Атыраулық жастар ауылдағы ақ халаттылармен кездесті

whatsapp image 2020 08 03 at 09.36.44 COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/3 тамыз, 2020 жыл. Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы мен Махамбет аудандық Аналар кеңесі төрайымы Жібек Шамалиқызы бастаған бір топ адам Махамбет ауданаралық туберкулезге қарсы күрес диспансері ұжымына барып, үлкен табандылықпен еңбек етіп жатқан дәрігерлер қауымы және медицина қызметкерлерімен кездесті.

      Бүгінгідей қиын кезеңде ақжелеңділердің ерлікке пара-пар қызметі айырықша әңгіме болып, оларға небір ақ тілектер арналды. Сонымен қатар, дәруменге толы түрлі жеміс-жидек, шұбат, сүт өнімдері, тәтті тағамдар тарту етілді. Ал, белгілі кәсіпкер Тамила Розметова шыбындай жандарын шүберекке түйе жүріп, ауру-сырқаулы адамдардың сауығып кетуіне зор үлес қосып жүрген медиктерге жоғары калориялы ешкі сүтінің өнімдерін (сүт, айран, ірімшік, йогурт) ұсынды.

      Махамбеттік ақжелеңділерден сол күні соңғы науқасты емдеп шығарғандарын естіген жастар қатты қуанысты. Үкілеген үміттің ақталып, ауру-сырқаудан біржола айығатын күн де таяу болар. Соған жетелік!

Лиза СЕЙТІМОВА

whatsapp image 2020 08 03 at 09.36.44 1
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз