Атыраулық жас өнерпаз Нұршатқа қолдау білдірейік!

Жаңалықтар Мәдениет

Atr.kz/28 тамыз, 2020 жыл. Халықаралық «Новая звезда-2018» байқауының, Халықаралық «Премия нового формата-2020-2021» және ІІ халықаралық «Звезды мира-2019» (Нұр-Сұлтан) байқау-фестивальдарының Гран-При иегері, Халықаралық «Ақбөбек-5» (2018) фестивалінің, «Звездички» (Европа, Македония, 2019) балалар фестивалінің, «Атырау Мюзик Фестиваль-2019» І орын жүлдегері, жас өнерпаз Нұршат Кусанова атыраулық жерлестерінен қолдау күтеді.

№34 көп салалы мектеп-гимназиясының V сынып оқушысы Нұршат елімізде өтіп жатқан «Евровидение Казахстан-2020» конкурсына қатысып, 684 үміткердің ішінен жартылай финалға іріктелген 30 жас өнерпаздың қатарына енді.

Конкурстың финалына өту үшін дауыс жинау онлайн режимде өтеді. Ақтық сынға ең көп дауыс жинаған 12 үміткер қатыспақ.

«Болам деген баланың бетін қақпа, белін бу!» Атырау қаласының намысын қорғап жүрген Нұршат Кусановаға қолдау көрсетейік.

Жас өнерпазымызға осы жерден дауыс беруге болады.

Дауыс берейік! «Хабар» телеарнасы арқылы онлайн дауыс беру 31 тамызға дейін жалғасады.

«Atr.kz»

0 thoughts on “Атыраулық жас өнерпаз Нұршатқа қолдау білдірейік!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған