Атыраулық палуан Сырбаз Талғат әлем чемпионатында қола жүлдені иеленді

Syrbaz 1 Жаңалықтар

Atr.kz/14 тамыз, 2019 жыл. Жақында ғана Тайланд елінде өткен еркін күрестен жастар арасында Азия чемпионатында алтыннан алқа тағынған жерлесіміз  Сырбаз Талғат Эстония елінің астанасы Таллин қаласында өткен әлем чемпионатында  қола жүлдегер атанды.

Еліміздің көк байрағын көкке көтерген саңлағымыз әлемдік бәсекеде 65 келі салмақта сынға түсіп, іріктеу кезеңдерінде Франция, Украина елдерінің «менмін» деген спортшыларын жарыс жолынан шығарды. Одан соң,  жартылай финалдық белдесуінде  ресейлік Курбан Шираевпен кездесіп ұпай санымен  есе жіберіп алды.

Ал, қола медаль үшін болған тартыста Сырбаз армениялық палуан, Еуропа чемпионатында топ жарған Вазген Теванянмен күресіп, тау елінен келген ұланның жүлдегер атануына жол бермеді. Ол, осылайша былтырғы әлем чемпионатында жеткен жетістігін қайталап, екі мәрте қола жүлдегер атанып отыр.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз