Атыраулық мүмкіндігі шектеулі жандар не үшін алаңдайды?

e81ee280deaa2dbc7021c405780dda17 Жаңалықтар

Atr.kz/3 шілде, 2019 жыл. Атырау облысының әкімі мүмкіндігі шектеулі жандар үшін барлық қажетті жағдайды жасауға шақырды.

Қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысында мүмкіндігі шектеулі жандарға қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Атырауда облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен Қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Кеңеске қоғамдық бірлестіктер мен ғылыми-өндірістік бірлестік мүшелері, мүмкіндігі шектеулі жандарға байланысты сұрақтардың жауабын алу үшін келген тұрғындар қатысты. Жиынға қатысушылар өңірдегі мүмкіндігі шектеулі жандарға қатысты мәселелерді талқылады.

WhatsApp Image 2019 07 02 at 16.33.06

Қазіргі таңда Атырау облысында әр түрлі топтарға жататын 22 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жандар бар. Қоғамдық кеңестің төрағасы Мұрат Өтешевтің айтуынша, мүгедектер үшін қалада, облыста орналасқан әлеуметтік нысандарда, мәдениет, спорт және бизнес нысандарында пандустардың жоқтығы өзекті мәселе болып отыр.

– Кейбір мекемелер мен нысандардағы пандустар стандарттарға сәйкес келмейді. Жаңадан салынып жатырған нысандар, мүгедектер арбасы көтерілетін пандустарсыз салынуда, – дейді Мұрат Өтешев.

WhatsApp Image 2019 07 02 at 16.33.07

Атырау қаласының әкімі Әлимұхаммед Құттұмұратұлының айтуынша, мүмкіндігі шектеулі жандардан түскен көптеген шағымдар бойынша арнайы жұмыс комиссиясы құрылды. Комиссия мүшелері барлық нысандарды аралап, көптеген бұзушылықтарды анықтады.

– Атырау қаласы бойынша белгіленген стандарттарға сәйкес келмейтін 1864 пандус анықталды. 30 шілдеге дейін жоғарыда көрсетілген барлық мекемелер мен нысан иелеріне бұзушылықтарды жою немесе лифт арқылы көтеретін құрылғылар орнату тапсырылды. Бүгінгі таңда 712 пандустар қайта қалпына келтірілді, қалғандары айтылған мерзімге дейін жасалатын болады, – дейді Әлимұхаммед Құттұмұратұлы.

WhatsApp Image 2019 07 02 at 16.33.06 1

Ғылыми-өндірістік бірлестік және қоғамдық бірлестік өкілдерін инватакси жетіспеушілігі, мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру және санаториялық-курорттық емдеу, жеке көмекшілерге еңбекақы төлеу мәселелері алаңдатады.

Өз кезегінде Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мемлекеттік мекемелердің басшылары мен бизнес нысандарының иелеріне мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселелерін шешуге шақырды.

WhatsApp Image 2019 07 02 at 16.33.07 1

– Кез келген уақытта әрқайсымыз осындай өмірлік жағдайға тап болуымыз мүмкін. Сондықтанда біздер мүмкіндігі шектеулі жандарға барлық жағдайды жасауымыз қажет. Егерде пандустар салу үшін, мүгедектерге арналған бөлмелер қажет болатын болса, қаражат бөлеміз. Инвотакси қажет болса алдырайық. Мұндай жағдайға қайырымдылық жағынан қарауғада болады. Біз барлық мәселелерді бірден шеше алмаймыз, бірақ біз шешу жолдарын қарастыруымыз керек, – дейді Нұрлан Ноғаев жиынға қатысушыларға.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймурзиеваның айтуынша, аудандарда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін күндізгі оңалту орталықтары ашылуда. Бұл орталықтар тек ересек адамдарға ғана емес, балаларға да арналған.

Дереккөз: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз