Атыраулық ауған ардагерлері қаруластарын еске алды

whatsapp image 2019 12 25 at 16.55.31 Жаңалықтар

Atr.kz/25 желтоқсан, 2019 жыл.  Бүгін, 25-ші желтоқсанда Кеңестер одағы әскерінің Ауғанстанға кіргеніне 40 жыл толды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. 


Ауған соғысы… Қаншама жас жат жерде жанын қиды, із-түзсіз жоғалды?! Қайсыбірі толыспай жатып, елге мүгедек болып оралды. Атырау облыстық ауған соғысы ардагерлері одағының дерегі бойынша 1979-1989 жылдар аралығында 782 атыраулық азамат интернационалдық борышын өтеген екен. Бүгін солардың бір тобы интернационал-жауынгерлерге арналған ескерткішке гүлшоқтарын қойып, мешітке барып, бүгінде орталарында жоқ қаруластарына дұға бағыштады.- Жат жерде қолына қару алып, соғысқан қазақ жігіттері намысты ту етіп, талай ерліктің үлгісін көрсетті.

«Ерді намыс өлтіреді» дегендей, олар соғыстан қорқып әскерден қашқан жоқ, Отан-ана жұмсады, барды. Батыр халықтың ұрпақтары екендіктерін білдіріп, жанкештілікпен шайқасты. Ауған соғысында «Қара майор» атымен дұшманның зәресін алған Борис Төкенұлы Керімбаевтың ерлігі әлі күнге дейін аңыз. Дегенмен бұл соғысқа жалғыз Орта Азия республикасының жігіттері ғана емес, барлығы – орысы, украины, белорусы, басқасы да қатысты. Олардың есімдері мен ерліктерін қазіргі және болашақ ұрпақ білуі тиіс. Сондықтан арамызда жүрген ардагерлермен жиі кездесулер ұйымдастырып, аға ұрпақ өкілдерінің ерліктері дәріптеліп тұрса, бүгінгідей жастардың әскерге бармауы, әскерден қашуы орын алуы болмас та еді, – дейді Атырау облыстық Ауған соғысы ардагерлер одағының төрағасы Ғабиден Қайыржанов.

whatsapp image 2019 12 25 at 16.55.31 1
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз