Атыраулықтардың әрқайсысы бес көшеттен отырғызды (+ВИДЕО, ФОТО)

57099143 794862524229566 7805495060614610944 n БЕЙНЕЖАЗБА

Atr.kz/ 16 сәуір, 2019 жыл. Атырау қаласын көгалдандыру аясында тұрғындарға үш мың көшет таратылды.

https://youtu.be/flgYy6zKbIk

Қала тұрғындарының әрқайсысы үйеңкі, шетен мен қарағаштың бес көшетін тегін алды. Бұл туралы Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін, 15-сәуірде Атырауда тұңғыш рет көшеттердің жергілікті тұрғындарға тегін таратылу акциясы өтті. «Арнаулыавтобаза» ЖШС-нің аумағында сағат 10-нан бастап тұрғындар кезекке тұрды. Тұрғындарға ағаштың үш түрі ұсынылды – үйеңкі, шетен және қарағаш.

– Ағаштар алу үшін тұрғындар өздерінің телефон нөмірін және ағаштар отырғызылатын мекен-жайын қалдыру керек. Барлығы 5 көшет алып, одан әрі тиісті күтім мен суаруды қамтамасыз етуі қажет. Арнайы құрылған комиссия тұрғындардың іс-әрекеттерінің орындалуын бақылайтын болады, – деді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің өндірістік-техникалық секторының жетекшісі Акесен Ибрагимов.

Акесен Ибрагимовтың айтуынша, көшеттер Индер ауданынан әкелінген, жасыл көшеттер әлеуметтік мекемелерде – балабақшалар мен мектептерде отырғызылады, үш мың жас ағаш тегін таратылды.

Айта кетейік, Атырауда екі айлық санитарлық тазалау жалғасуда. Сәуір сенбіліктерінің аясында облыс орталығында жасыл көшеттер отырғызу жоспарланған.

57239073 667317747036228 6775017636188127232 o
57176924 667317870369549 8512297453192478720 o
57435716 667317810369555 359610331724513280 o
57174836 667317763702893 6279195599241740288 o
56956512 667317837036219 8139134485309423616 o
57154426 667317900369546 436628101888212992 o
56990179 667317770369559 4048621355019534336 o
57486407 794862500896235 8955542188423380992 n
56951167 794862594229559 5695464605472522240 n
56980755 794862627562889 7514459727221227520 n
57209151 794862684229550 1404753080896978944 n
57209190 794862727562879 3790771859532808192 n
57118225 794862767562875 6980179320450842624 n
56887063 794862477562904 482756720662151168 n1
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз