Атыраулық каратэшілер Азия чемпионатынан бір алтын, бір күміс еншіледі (+ФОТО)

karate Aziya Жаңалықтар

Аtr.kz/2 мамыр, 2019 жыл. Малайзия мемлекетінде каратеден жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионаты өтті.

 Сары құрлықтың биылғы кезекті жарысында 32 елдің кіл мықтылары бас қосып, бұл сында ел құрамынды өнер көрсеткен атыраулық спортшылар бір алтын, бір күміс еншіледі.

Жарыстың алғашқы күнінде  68 келі салмақта бақ сынаған Әбілмансұр Батырғали  іріктеу кезеңдерінде Кувейт, Қырғызстан, Үндістан елдерінің спортшыларын айқын басымдылықпен ұтып, жартылай финалда тәжік елінің өкілін 5:3 есебімен жеңді. Ал, ақтық сында иорданиялық спортшыға 8:3 есебімен есе жіберіп алды. Осылайша, былтырғы Жапония елінде өткен Азия чемпионатында  алтыннан алқа тағынған саңлағымыз,  осы жолы күміс медаль иемденді.

58694227 2413400062213704 2352754952713011200 o 1

Ертесіне 75 келі салмақта жарыс жолына шыққан жерлесіміз Бейбарыс Жаңбыр алғашқы кездесуінде Камбоджа елінің өкілін 6:0 есебімен ұтса, кейін өзбекстандық қарсыласын 4:0 есебімен тізе бүктірді. Ал, жартылай финалдық теке-тіресінде  Иордания мемлекетінің өкілін сан соқтырса,  финалда  күн шығыс елінің спортшысын қапы қалдырып, Азия чемпионы атанды. Бейбарыс бұған дейін ел чемпионатын екі рет бағындырып, гюдзю-рю каратеден әлем кубогын иемденген еді.

Азия біріншілігінде көк туымызды көкке көтерген қос спортшымыз бен «Қайсар» спорт клубының жаттықтырушысы Сансызбай Торғаев елге оралғанда оларды  Атырау әуежайында жергілікті спортсүйер қауым, тума-туыстары, жаттықтырушылары және бұқаралық ақпарат өкілдері салтанатты жағдайда күтіп алды.

58724752 2413399935547050 5970754777737330688 o
58917094 2413400248880352 3121157638855852032 o
58689353 2413400105547033 2578892582939525120 o
58818441 2413400365547007 2780204237043269632 o
58939845 2413400222213688 4313711546892025856 o
59285833 2413400345547009 7561368385070563328 o
59417019 2413399988880378 4244967374094073856 o
59507261 2413400298880347 7942163166241226752 o

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз