Атыраулық дойбышылар жеңіске жетті

1401775335 1 Жаңалықтар

Atr.kz/ 2 сәуір, 2019 жыл. Бүгін Атырауға дойбыдан облыстың жасөспірімдер арасындағы құрамасы ел чемпионатынан оралды.

Қанжығасына 7 медаль байлап келген команда Шымкент қаласында үздік өнерін көрестіп келді.

20190401184310 29770

Жас дойбышыларды жарысқа бастап барған Атырау қалалық білім бөлімі жанындағы «Барыс» балалар мен жасөспірімдер клубының жаттықтырушысы Еркін Үсеновтың айтуынша, атыраулық дойбышылар өз замандастары арасында әжептәуір өнер көрсетіп, жақсы нәтижелерге қол жеткізген екен.

Айталық, классикалық дойбыдан Бекарыс Жұмалиев 1 орынды жеңіп алса, оның апасы Данагүл Жұмалиева қола медальды місе тұтты. Екеуі де Ақсай орта мектебінің оқушылары.

Жалпы, осы жарыста Данагүл тағы бір рет қолаға қол жеткізді. Ол блиц түрінен де үшінші орынға көтерілді. Блицта оның командаласы, Қазіргі заманғы техникалық гимназияның шәкірті Алмай Нұрдәулет ақтық айқаста ғана есе жіберіп алғаны болмаса, әдемі ойын өрнегін өре білген. Нәтижесінде – күміс жүлдегер атанды.

20190401184404 82021

№31 орта мектептің оқушылары Жанел Әдиет, Мақсат Өтеғұлов та үшінші орынға көтерілді. Ал, Бекарыс болса, дойбының рапид түрі бойынша тағы да бас жүлдені жеңіп алып, шын мықты екендігін дәлелдеді.  

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз