Атыраулық әлеуметтік кәсіпкерлер «Шеврон» компаниясының грантына ие болды (+ФОТО)

57620745 2518149194884602 6140747461599166464 n Жаңалықтар

Аtr.kz/29 сәуір, 2019 жыл. «Стартаптар шайқасы» – өз ісін енді бастаған әлеуметтік кәсіпкерлерге арналған байқауы өтті, оның жеңімпаздары әлеуметтік бизнесін бастауға «Шеврон» компаниясының грантын иеленді.

Конкурс British Council (Британдық Кеңес) ұйымы «Шеврон» компаниясымен әріптестікте іске асырып отырған «I-SEED: Әлеуметтік кәсіпкерлік және білім беру» жобасының шеңберінде өтті.

57486398 2518149144884607 7480141087395282944 n

«Стартаптар шайқасы» «I-SEED Атырау» жобасы аясында екінші мәрте өтіп жатыр. 2018 жылы «Шеврон» төрт жобаға қаржы бөлді. Олардың бірі – Лунара Рыспайдың «Шын жүректен» атты қайырымдылық дүкені. «I-SEED» грантына ие болған Лунара 2018 жылы дүкенін ашып, Атырау облысы мен Атырау қаласындағы 160 отбасыға көмек көрсетті.

58377585 2518149018217953 860467646594809856 n

Биылғы «Стартаптар шайқасы» «I-SEED Атырау» жобасына қатысатын, өзінің әлеуметтік кәсіпорнын ашуды жоспарлап отырған 16 мен 25 жас аралығындағы жастар үшін ұйымдастырылды. Конкурс қарсаңында қатысушылар өз бизнес-жоспарын әзірлеу және іске асыру үшін қажетті машықтарға арналған бизнес-жоспарлау, жоба менеджменті, қаржы, маркетинг пен питчинг (инвестор табу мақсатында жобаны таныстыру) тренингтерінен өтті.

57583175 2518149171551271 5113296387093561344 n

Жобаға қатысушылар сондай-ақ тәжірибелі бизнесмендермен жұмыс істеді, олар ісін енді бастаған кәсіпкерлерге тәлімгер болып, жобаларын әзірлеу мен іске қосу жағынан көмектесті. «Стартаптар шайқасы» «I-SEED Атырау» жобасына қатысушыларға оқып-үйренген барлық дағдыларды іс жүзінде қолдануға және өз жобаларын әлеуетті серіктестер мен инвесторлар алдында таныстыру тәжірибесін алуға мүмкіндік берді.

58382525 2518148998217955 1364431206367625216 n

British Council директоры Джим Буттери: «Стартаптар шайқасы» сияқты бастамалар жастарды қоғамдағы әлеуметтік мәселелер туралы ойлануға және бизнес пен әлеуметтік кәсіпкерлік арқылы олардың шешімін табуға итермелейді. «Стартаптар шайқасына» дайындық барысында қатысушылар бизнес-жоспар жасау практикалық дағдыларын дамытты және бүгінгі ұсынған идеялар міндетті түрде болашақта жүзеге асырылады деп үміттенемін».

58376581 2518149271551261 1335679527057096704 n

Конкурсқа дайындық кезінде «Стартаптар шайқасына» қатысушылар 10 командаға бөлініп, олардың әрқайсысы жеке жоба ұсынды. Әр топтың өз жобасын таныстыруы үшін үш минут және қазылар алқасының сұрақтарына жауап беру үшін үш минут уақыты болды. Қазылар алқасының құрамында бизнес өкілдері,  Британдық Кеңес, «Даму» Қорының Атырау облысы бойынша АФ және Атырау облысы әкімдігінің өкілдері кірді.

58373018 2518149494884572 4930473106910216192 n

Жобалар төрт критерий бойынша бағаланды: презентацияның сапасы; бизнес-модельдің өміршеңдігі; жаңа бизнес құру жолымен шешілетін әлеуметтік мәселенің өзектілігі; жобаның іске қосылуға дайындығы.

58430346 2518148991551289 3197393596122660864 n
58420023 2518149334884588 1563457516963102720 n

«Стартаптар шайқасын» ұйымдастырған «I-SEED Атырау» жобасы 2017 жылдан бері табысты мансап құру және белсенді азаматтық көзқарасты дамыту үшін қажетті білім мен машықтарды дамыту жағынан жастарға қолдау көрсету мақсатымен іске асып келеді.

«Аtr-Ақпарат»

58441678 2518149278217927 8358328291584638976 n
58542937 2518149471551241 5201631284413071360 n
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз