Атыраулықтар Ұлыстың ұлы күнін Сұлтан Бейбарыс атындағы орталық алаңда ерекше сән-салтанатпен атап өтті (ВИДЕО)

IMG 20190322 WA0047 БЕЙНЕЖАЗБА
https://youtu.be/JJ9vZkpHedE

Atr.kz/22 наурыз, 2019 жыл. Наурызды атап өтуге келген көпшіліктің қарасы қалың болды.

Мерекеге ортақтасқан облыс әкімі Нұрлан Ноғаев алдымен бүгін түнде суға кетіп өлмек болған әйелді құтқару үшін ерлікпен қаза тапқан полиция сержанты Шалқар Ақымғалиевты бір минут үнсіздікпен еске алды. Содан кейін мұнайлы мекен тұрғындарын ұлы мейраммен құттықтап, ізгі тілегін арнады.

Шара барысында белгілі өнер жұлдыздары Айгүл Қосанова, Өмірқұл Айниязов және жергілікті өнерпаздар ән-жырдан шашу шашып, жиналған тұрғындарды тәнті етті.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.

Бейнежазба автордікі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз