Атыраулық оқушылар кітап оқудан сынға түсті (+ФОТО)

IMG 20190215 WA0000 1 Білім

Atr.kz/5-наурыз, 2019 жыл. «Бүгінгі жастар кітап оқымайды» дейміз. Бірақ, жуырда мектеп оқушылары арасында көркем шығарма оқудан өткен жарыс бұл стереотипті жоққа шығарды.

IMG 20190305 WA0014 1
Үміткерлер тест тапсыруда

«Алиф» оқу орталығы ұйымдастырған «Кітап – сарқылмайтын қазына» атты байқауға облыс орталығы мен барлық аудан мектептерінен 435 бала қатысты. Мақсат – «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «ұлттық кодымыз» – ұлттық құндылықтарды ұлықтау. Бұл ретте, аталған шараның өтуіне аймақ әкімдігі мен облыстық білім беру басқармасының қызу қолдау білдіргенін атап өткен жөн.

IMG 20190305 WA0011
Мұқыр орта мектебінің 8 сынып оқушысы Ескендір Дәуітов – 1 орын иегері

Шарт бойынша 6-8 сынып оқушылары Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя», ал, 9-11 сыныптар Сайын Мұратбековтің «Жабайы алма» шығармасын оқудан сынға түсті. Дайындалу үшін екі ай уақыт берілді. Қатысушылар 70 сұрақтан тұратын тест тапсырмаларын орындады.  

IMG 20190215 WA0001
Марапат мерейді өсіреді

Нәтижесінде, Мұқыр орта мектебінің 8 сынып оқушысы Ескендір Дәуітов бірінші, үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған №30 мектеп гимназиясының 7 сынып оқушысы Абдуррахман Төлеген екінші және Д.Байбосынов атындағы №13 ұлттық гимназиясының 6 сынып оқушысы Сабина Болатова үшінші орын иеленді. Әрқайсысына дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

IMG 20190215 WA00031
№30 мектеп гимназиясының 7 сынып оқушысы Абдуррахман Төлеген – 2 орын иегері
IMG 20190305 WA0012
№13 ұлттық гимназиясының 6 сынып оқушысы Сабина Болатова

Амандық Сағынтайұлы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз