Атыраудың орталық мешітінде 20 отбасына азық таратылды

img 20191126 wa0029 Жаңалықтар

Atr.kz/26 қараша, 2019 жыл.  Қасиетті Мәуліт айының құрметіне Атыраудың орталық мешітінде қайырымдылық акциясы болып өтті.

Акция аясында Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы жиырма отбасына азық-түлік табыс етті.

Акция негізінен әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасыларды қамтыды. Ет өнімі және күнкөріс себетіндегі ең қажетті азық-түлікпен толыққан, әрқайсысы 25 келі болатын пакеттерді облыстың бас имамы  Алтынбек Ұтысханұлы мұқтаж жандарға өз қолымен табыс етті.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы бекіткен негізгі жұмыс бағыттарының қатарында қайырымдылық мәселесі де бар. Мешіттер мұқтаж жандарды назардан тыс қалдырған емес. Бұл жолы шарамыз Мәуліт айының құрметіне ұйымдастырылып отыр. Мәулітті біз Пайғамбарға (с.ғ.с) салауат айтумен бірге, ізгі істер жолында да бірігуіміз керек» дейді бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

img 20191125 wa0035
img 20191125 wa0041
img 20191125 wa0042
img 20191125 wa0048
img 20191125 wa0051
img 20191126 wa0028
img 20191125 wa0053

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз