Атыраудың ең үздік спорттық ауданы анықталды

Жаңалықтар Спорт

Atr.kz/31 қаңтар, 2019 жыл. Құрманғазы ауданы еліміздің “ең үздік спорттық ауданы” атанды.

30 қаңтар күні Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері Комитетінде облыстық спорт басқармаларының басын қосқан үлкен жиын өтті, деп хабарлайды Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі. Шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қатысты. Министр саладағы жетістіктер мен қордаланып қалған проблемалар бойынша басшылардың есебін тыңдады. 

Сонымен қатар, 2019 жылдың қорытындысы бойынша спортшыларға, жаттықтырушыларға, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарға «Үздік» номинациясындағы атақтарын берді.

“Аудандық үздік дене шынықтыру және спорт бөлімі” номинациясында Атырау облысы, Құрманғазы ауданы дене шынықтыру және спорт бөлімі жеңімпаз болып танылды.
Құрманғазы ауданында спорттық инфрақұрылымға басымыдылық берілген. 2019 жылы Ақкөл ауылында жаңа спорт кешені бой көтерді. Ауданда мемлекеттік қызметшілер спартакиадасы жоғары деңгейде өтіп, Құрманғазы ауданыны оныншы мәрте жеңімпаз атанды. Спорт түрлері аса қарқынды даму үстінде, – дейді Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ринат Ибрагимов. 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған