Атыраудың «Бейбарыс» командасы плей-офф ойындарын сәтті өткізуде

Atyrau Жаңалықтар

Atr.kz/5 сәуір, 2019 жыл. Шайбалы хоккейден Қазақстанның үш дүркін чемпиондары 3-4 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласынан келген «Номад» клубы хоккейшілерімен кездесті.

   Құрамында Алексей Маклюков, Артем Лакиза, Әлихан Әсетов, Никита Михайлис, Егор Петухов сында елорданың «Барыс» мен ұлттық құрамы сапында өнер көрсетіп жүрген ойыншылары бар «Номад» клубына жерлестеріміз тегеурінді қарсылық көрсетті. Алғашқы күні «Бейбарыс» 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын. Бұл ойында команда сұрмергені Антон Некряч пен Булат Хамматов көзге түсті.

bejbarys

  Кеше кешкісін өз айдынындағы екінші кездесуі де тартысқа толы болды. Ойынның 6-шы минутында қонақтар шабылшысы Дмитрий Гренц ұрымтал сәтті пайдаланып, есеп ашты. Тек екінші кезеңнің 32 минутында ғана атыраулық Дмитрий Степанов есепті теңестірді. Бұдан соң таблодағы есепті ойыншылар кездесудің негізі және қосымша обертаймда да өзгерте алмады.

HK B RS

   Біріншілік ережесіне сәйкес, командалардың жеңімпазды буллиттер сериясы бойынша анықтауға тура келді. Кездесуді тамашалауға келген жанкүйерлердің қолдауымен «Бейбарыс» ойыншылары қарсыластар қақпасын дәл көздеп, 2:1 есебімен жеңіске жетті.  Бас бапкердің міндетін атқарушы Владимир Клинганың шәкірттері енді 7-8 сәуір күндері  Нұр-Сұлтан қаласында «Номад» хоккейшілерімен қарымта екі кездесу өткізеді. Жерлестерімізге сәттілік серік болсын дейміз.     

                                                                                  Бақытжан ЖҰМАТ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз