Атырауды көк түтінге тұншықтырған не? (+ФОТО)

img 20200505 wa0068 Жаңалықтар

Atr.kz/5 мамыр, 2020 жыл. Бүгін Атырау қаласын қою қара түтін мен күйік иіс қаптады.

Атырау облысының ТЖД бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Р.Бляловтың басшылығымен арнайы жұмыстар жүргізілді.

Өрт ошақтарын анықтау үшін Eurocopter ЕС-145 әуе кемесінде аэровизуалды ұшу жүргізілді. Әуе барлауы барысында Каспий теңізінің жағалау аумағы бойынша «Айсан» каналының сағасында шамамен 15-17 га болатын құрақ өсімдіктері (қамыс) жанып жатқаны анықталды.

Өрт сөндіру техникасы мен жеке құрам үшін кіреберіс жолдардың болмауына байланысты өртті сөндіру мүмкін емес.
Бұл облыс орталығына қауіп төндірмейді.

«Атырау облысы ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы»

img 20200505 wa0070
img 20200505 wa0071
img 20200505 wa0069
img 20200505 wa0067
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз