Атыраудан шыққан дизель отыны сұранысқа ие болып жатыр

44b17ffcd032c63afb9432d12d5f9819 Жаңалықтар

Atr.kz/10 желтоқсан, 2019 жыл.   Атырау  мұнай  өңдеу  зауыты минус 38С градус аязға төзімді дизель отынын өндіре бастады.

Кәсіпорынның баспасөз қызметінің хабарлауынша, өнім өндіру және жөнелту қондырғысының іске қосылуы – ел өміріндегі ерекше оқиға.

– Қазақстанның көптеген аймағында күннің суытуына байланысты аталған отынның қажеттілігі туындады. Атырау мұнай өңдеу зауыты өнімнің алғашқы легін 14 қараша күні жөнелтті, бүгінде 3 088 тонна тиелді – дейді «ҚазМұнайГаз «ҰК« АҚ басқарма төрағасының мұнай өңдеу және маркетинг жөніндегі орынбасары Данияр Тиесов.

Khazar -38 дизель отыны – технологиялық процестің таза өнімі. Ол К5 экологиялық санатқа сәйкес келеді. Құрамында күкірт пен парафиндердің өте аз, әрі төмен температура қасиеттеріне әсер ететін қоспалардың жоқтығынан елімізде айрықша сұранысқа ие болуда. Қазақстанда мұнайды терең өңдеу кешенінің Prime D дизель отынын гидротазалау және депарафинизациялау қондырғысында ғана осындай қатпайтын жанармай өндіріледі. Айта кетейік, былтырғы жылдың соңында Атыраудың байырғы кәсіпорны мұнай өнімдерінің бірнеше жаңа түрін шығара бастады. Олардың қатарында К5 экологиялық класынан сүзудің шекті температурасы -25 болатын дизель отыны және сүзудің шекті температурасы -32-ге төзімді дизель отыны (Khazar) бар.

Бұл ауқымды жаңғырту аясында салынған мұнайды терең өңдеу кешенінің жаңа қондырғыларын іске қосудың арқасында мүмкін болды. Бүгінде зауыттың қысқы дизель отындарының келесі түрлерін өндіруге мүмкіндігі бар, яғни, олар сүзудің шекті температурасы -15С,-25С, -32С, -38С болатын дизель отындары.

Азамат САНСЫЗБАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз