Атыраудан Мақтааралға 150 тонна гуманитарлық көмек жөнелтілді ( + ВИДЕО)

1 5 БЕЙНЕЖАЗБА

Аtr.kz/7 мамыр, 2020 жыл. «Бүгін Атыраудан Мақтарал ауданына алғашқы гуманитарлық көмек жөнелтілді» деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.​


Барлығы 150 тонна азық-түлік, киім-кешек тиелген гуманитарлық көмекті Атыраудан 6 ауыр жүк көлігі, 20 газель және 2 жеңіл машина алып кетті.

«Бұйырса екі тәулік шамасында атыраулық ағайынның аманатын Мақтааралға жеткіземіз. Сонымен қатар, Атырау қаласының тұрғындарынан бөлек, мұнайлы өңірге қарасты барлық жеті аудан жастары жинаған 15 миллион теңге көлеміндегі қаражат Мақтаарал халқына беріледі.​ Талай қиындықты халқымыз бірліктің арқасында жеңген. Бұл сынақты да бірге өткереміз. Біз біргеміз!»-дейді ұйымдастырушылар.​

Бүгінгі таңда Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен Мақтааралға көмек көрсету бағытында арнайы қорда қаржы жиналып жатыр. Және гуманитарлық көрсету Атырау облысы әкімдігі тарапынан да жалғасуда.

1 1 1

Қазіргі таңда тағы екі көлік жолға ​ дайындалуда. Атыраулықтар гуманитарлық, қаржылай көмек легінің жалғасатынын айтады.

Еске сала кетелік, санаулы күндер бұрын​ Өзбекстандағы су бөгеттерінің бірі жарылуы салдарынан Түркістан облысындағы​ Мақтарал ауданын тасқын су басқан  болатын.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

1 3
1 2
1 4
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз