Атыраудан көшіп кеткендер 5 мыңнан асты

20190418172302 Жаңалықтар

Atr.kz/20 мамыр, 2019 жыл. Биылғы жылдың қаңтар-наурызда облыста 5158 адам қоныстанып, 5231 адам көшіп кеткен.

Статистика департаментінің хабарлауынша, көшіп кеткендердің көпшілігі ТМД елдеріне қоныс аударған.

Департамент мамандары берген мәліметке сәйкес, Атырау облысына келгендер мен кеткендер ішіндегі ұлттар, тиісінше: қазақтар – 5265 және 5338, орыстар – 36 және 104, татарлар – 2 және 15, украиндар – 4 және 9, кәрістер 2 және 11 , өзбектер – 6 және 4 адамды құрап отыр.

«Atr-Ақпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз