Атыраудан кезекті көктемгі әскери шақыртуға 165 адам барады (+ФОТО)

Айбын Жаңалықтар ФОТОГАЛЕРЕЯ

Atr.kz/13 мамыр, 2020 жыл. “Бұл туралы бүгін Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен өткен селекторлық жиында Атырау облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті мәлім етті” деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.​

Жалпы, Қазақстан Республикасының әскери құрылымдар қатарына Атырау облысы бойынша ​ көктем мезгіліне берілген жүктемеге сәйкес, 662 адам әскерге баруы қажет.

Бүгінгі таңда ​ республика аумағында карантиндік режим жариялағанға дейін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі қатарына ​ 2 команда, яғни 35 ​ әскерге шақырылушы ​ аттанды. Енді 20 мамырдан бастап көктемгі әскери шақыртуға тағы да 165 адам барады” делінген Атырау облысы қорғаныс істері жөніндегі департамент мәліметінде.

Осылайша, 20-30 мамыр аралығында​ Атыраудан​ Қарулы Күштер қатарына​ 95, шекара қызметіне 22, ​ ​ ұлттық Ұлан сапына​ – 48 адам аттанады деп күтілуде.​ 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған