Атыраудағы Жеңіс саябағы жеміс бағына айналады

post 5d516b54ac04e 800x5161 1 Жаңалықтар

Atr.kz/26 наурыз, 2020 жыл. Ұлы Жеңісің 75 жылдығына орай «Атырау Агро өнімдері» ЖШС облыс орталығында жеке қаражатына 750 дана жеміс ағашын отырғызуды қолға алды. Жаңа бақ тамшылатып суару әдісімен күтіліп, бапталатын болады.

Аталған шаруашылық жетекшісі Владимир Розметовтың айтуынша, бұл бастама аймақ басшысының ұсынысымен қолға алынып отыр. Яғни, бұған дейін Елордада отырғызылған алма бағы енді Атырауда да жалғасын табады. Ол үшін қалалық әкімдік Жеңіс саябағынан 0,5 гектар жер учаскесін бөлген.

 –Тың бастама облыс орталығындағы саябақтардың қайта түлеуіне оң әсерін тигізеді деп ойлаймын. Бір кездері халық арасында «Сутягин бағы» аталып кеткен бақтың қайта жаңғыратынына сенімдімін. Бақта өсірілетін жеміс ағаштарының арасында алма, өрік, шие түрлері бар. Үш жыл бойы, яки, көшет отырғызудан бастап алғашқы жеміс бергенге дейінгі кезеңдегі жұмыстар қожалық өз күшімен атқарылады. Содан кейін ғана тиісті мемлекеттік мекеме өкілдеріне тапсырылады, – дейді Владимир Федорович.  

Айбөпе САБЫРОВА

http://atr.kz/bez-rubriki/prezident-pandemiyamen-k%d2%afresip-zhat%d2%9ban-d%d3%99rigerlerge-erekshe-al%d2%93ys-ajtty/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз