Атыраудағы Желтау жотасына табиғи саябақ салу жоспарлануда (+ФОТО)

58374053 670728893361780 5495491761394417664 n Жаңалықтар

Аtr.kz/21 сәуір, 2019 жыл. Атырау облысы Жылыой ауданындағы Желтау жотасында табиғи саябақ жасау жоспарлануда.

Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев Жылыой ауданындағы табиғи саябақ құру жоспарланып отырған Желтау жотасы мен Шөлқара қыратына барды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

57325279 670728946695108 3579672864019709952 n
58372489 670728970028439 7643505687531618304 n

Айта кету керек,табиғи саябақ құру жобасы әзірленіп жатыр. Биоалуантүрлілікті сақтаудың қазақстандық және шетелдік орталықтары екі рет экспедиция жасаған.

57595549 670729006695102 1052456313973374976 n
57485615 670728733361796 22522662471335936 n

Қазақстандық биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы Желтау жотасы мен Шөлқара қыратына зерттеу жұмыстарын жүргізген. Жобалық аумақ біраз жылдардан бері бай табиғатымен мамандардың назарын аударып келеді, сондай-ақ, маңында Ортатау қорымы, мешіт секілді қасиетті орындар бар. Экспедиция барысында Атырау облысы үшін ғана емес, Қазақстан үшін құнды саналатын деректер анықталды.

57558609 670728863361783 4433076122636255232 n
57395813 670728796695123 4324630092492832768 n

Бұл жерде табиғи саябақ-қорық жасау бастапқы қалпын сақтап қалуға мүмкіндік береді. Аймақ басшысы Шөлқара мен Желтауды автокөлікпен,тікұшақпен қарап көріп, табиғи саябақты салу идеясын мақұлдады. Құзырлы органдарға болашақ саябақтың шекарасын анықтап, жер иелеріне қатысты мәселені шешуді тапсырды.

57544621 670728823361787 6874829673965027328 n

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз