Атыраудағы жарылыс: Зардап шеккендердің бірі көз жұмды

200607144058541e Жаңалықтар

Аtr.kz/8 маусым, 2020 жыл. Атырауда газ құю стансасындағы жарылыстан зардап шеккендердің бірі ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 5 маусымда болған еді. Жарылыстан күйік шалған 4 адам ауруханаға түсті . Соның бірі – газ таситын көліктің жүргізушісі. Өкінішке қарай, денесінің 90 проценті күйген ол ауруханада қайтыс болды. Жүргізуші Құрманғазы ауданының тумасы. Атырау қаласында баспана жалдап тұрған. Артында төрт баласы мен аяғы ауыр келіншегі қалды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз