Атыраудағы санитариялық-карантиндік бақылау бекеттеріндегі жұмыс жайы белгілі болды

377da376 06d5 4943 9539 acc62bae393c COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/1 сәуір, 2020 жыл. Облыстың бас санитариялық дәрігері Атырау қаласының аумағына карантин жариялағаны белгілі. Яғни, 30 наурыздан 15 сәуірге дейін қаладан шығуға және кіруге тиым салынды. Бұл ретте қала маңындағы көлік пен адам қозғалысын шектеу үшін арнайы бақылау бекеттері ашылды. Бүгінде санитариялық – карантиндік бақылау бекеттеріндегі жұмыс барысы қалай жүргізілуде?

Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Мейіржан Есімбаевтың айтуынша, Атырау-Астрахан-Қараөзек, Атырау-Орал-Алмалы, Атырау-Индер-Бесікті, Атырау-Доссор-Қарабатан, Жылыой-Құлсары-Бейнеу  бағыттарында  5 санитариялық-карантиндік  бақылау бекеттері ашылды.

Тәулік бойы жұмыс жасайтын блок бекеттерде облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің, М.Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар Ұлттық ғылыми орталығы Атырау облысы бойынша филиалының мамандары мен жергілікті полиция қызметкерлері қызмет жасауда.                                                                                                          

– Бүгінде бекетте тұрған мамандар автокөлік жүргізушілері мен жолаушылардың денсаулық жағдайын тексеріп, алдын алу шараларын  жүргізіп отыр. Тәулігіне – 134, өсіммен 1013 адамға сауалнама жүргізіліп, қызулары өлшенді. Олардың арасында коронавирустық инфекцияға күдікті адамдар тіркелген жоқ, – дейді Мейіржан Атыбарұлы.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

bcde4acc fdbd 4209 805f a169723cc21b
http://atr.kz/bez-rubriki/tabyt-ashylmajdy-pandemiya-құrbany-қalaj-zherlenetini-belgili-boldy/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз