Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде – жаңа басшы

img 20200124 wa0021 Білім

Atr.kz/24 қаңтар, 2020 жыл. Atr.kz/24 қаңтар, 2020 жыл. Құралай Ахмадиева Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұжымына таныстырылды.

Бүгін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымындағы Басқарма төрайымының орынбасары Светлана Испусинова Атырау қаласындағы Зияткерлік мектептің ұжымына жаңа басшыны – Құралай Тілеубердіқызы Ахмадиеваны таныстырды.

Құралай Ахмадиева Шығыс Қазақстан облысының Сәрсен Аманжолов атындағы мемлекеттік университетін үздік бітірген. Білім беру саласында 17 жылдан астам тәжірибесі бар. Тарих ғылымдарының магистрі, мұғалім – эксперт.

Атыраудағы Зияткерлік мектепке дейін ол Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқу орынның даму жөніндегі директордың орынбасары қызметінде болған.

img 20200124 wa0020
img 20200124 wa0024
img 20200124 wa0022

Бұған дейін мұнайлы өңірдегі Зияткерлік мектепті басқарған Айдарбек Төлепұлы Айтбөкешев Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры болып тағайындалды. Айдарбек Айбөкешевтың басшылығымен Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі зор жетістіктерге жетті.

2017 жылы оқу орны CIS Халықаралық мектептер Кеңесінің аккредитациясын алды. 2014-2019 жылдар аралығында мектептің білім сапасы артты. Оқушылардың Халықаралық IELTS емтиханының көрсеткіштері 5,2 ұпайдан 6,6 ұпайға өсті. Мектеп қоржынында 13 алтын, 16 күміс және 21 қола медальдар бар. 2018 жылы Атыраудағы Зияткерлік мектеп республика бойынша қоғамдық және гуманитарлық пәндерден «Үздік Олимпиадалық мектеп» атанды.  

«Рухани Жаңғыру» кіші жобалық кеңсесі республика бойынша орта білім беру саласындағы әдістемелік алаң ретінде үздік деп белгіленді. Мектеп директоры мұғалімдердің кәсіби дамуына арналған «Үздік тәжірибе», «Орта мектептердегі үздік педагогтардың класстері», «Педагогикалық дуэт» сынды жобалар іске асырылды.

Дереккөз: Ақпарат және суреттер мектептің баспасөз қызметі

img 20200124 wa0023
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз