Атыраудағы «ескі қала» аумағы тазартылып, ойын алаңына айналмақ (+ВИДЕО)

srtopropopo БЕЙНЕЖАЗБА

Atr.kz/24 тамыз, 2020 жыл. Карантин уақытындағы қиындықтарға қарамастан қалалық әкімдік тамыз айында «ескі қала» аумағын 18.1 га құрылыс қалдықтарынан тазарту бойынша ауқымды жұмыс атқаруда.

https://www.facebook.com/atyrauakimat/videos/1165457477170067/

Бұған дейін стихиялық қоқыс алаңына айналған Атырау мөлтек ауданындағы карьерлерді тегістеу қолға алынды. Мұндағы заңсыз қоқыс алаңдарының көбеюіне бірден бір себеп-тұрғындардың тұрмыстық қалдық пен лас суларды төгуі. Нәтижесінде, қалада қоқыс алаңдарының саны көбейіп отыр. Шіріген су мен қалдықтың иісі тұрғындар үшін қолайсыздық тудыратыны белгілі. Әсіресе, шағымдар жеке тұрғын үй иелерінен көптеп түсуде.

Осы жағдайларды ескере отырып, қаладағы жабайы қоқыс үйіндісіне айналған жерлерді қалыпқа келтіріп, орнын инертті материалдармен толтырып, тегістеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.Нәтижесінде, тазартылған аумақтар балалар ойын алаңын салу немесе өзге мақсаттарға пайдалану үшін қолайлы орта болмақ. Айта кетейік, дәл осындай жұмыс қоқыс мәселесі сонау 90-шы жылдардан бастап қордаланып келген Геолог кентінде де жоспарлы жүргізілуде

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз