Атыраудағы Covid -19 жұқтырған 13 науқастың жағдайы тұрақты

200325020301925a3629040i COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/31 наурыз, 2020 жыл. Қазіргі таңда науқастардың  ауру белгілері  жеңіл өтіп жатыр, деп хабарлайды Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі.

Дәрігерлер Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтырған он үш адамның жағдайы туралы мәлімет берді.  Олардың айтуынша, пациенттердің көпшілігінде ауру  асимптоматикалық жағдайда өтуде. Ауруханаға жатқызылған екі науқаста жеңіл жөтел мен  дене қызуының  37 – 37,5 градусқа дейін көтерілуі байқалады. Негізінен емделушілердің  жағдайлары тұрақты, денсаулықтарында нашарлау белгілері жоқ.

– Бүгін, 31 наурызда келген он үшінші науқастың жағдайы алаңдаушылық туғызбайды. Ол өзін жақсы сезінеді,  шағым жоқ, – деп түсіндірді Денсаулық сақтау басқармасынан.

http://atr.kz/bez-rubriki/t%d3%a9tenshe-zha%d2%93daj%d2%93a-oraj-42-500-te%d2%a3ge-alatyn-azamattar-tizimi-ke%d2%a3ejtildi/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз