Атыраудағы 204 балабақшаның бәрі де қалыпты жұмыс жасауда

1498797595 article b 1500 Білім

Atr.kz/18 наурыз, 2020 жыл.  Төтенше жағдайға байланысты аймақтағы білім және тәрбие беру ұйымдарының жұмысы қалай жүзеге асырылуда?

Бұл сауалға Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық білім беру басқармасының бөлім басшысы Алмагүл Қайырлиева жауап берді.

«Қазіргі уақытта орта білім беру, техникалық кәсіптік білім беру ұйымдары, оңалту орталықтары мен ерекше білімді қажет ететін ұйымдар уақытша қызметін тоқтатты. Ал, педагогтар онлайн режимде жұмыс жасайды. Жалақылары толығымен сақталады. Студенттерді қашықтықтан оқыту процесі жүйелі жүргізілуде. Ал, облыстағы 204 балабақшаның барлығы қалыпты режимде жұмыс жасауда. Мұнда негізінен 28 300 бала тіркеуде болса, бүгінгі дерек бойынша 12 800 бала балабақшаға әкелінген. Сондай-ақ, жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар мен облыстық бейімдеу орталықтарының да жұмысы жалғасуда» дейді ол.

Спикердің сөзінше, бұл ұйымдарда күн сайын таңертеңгілік медициналық тексерістер жүргізіліп, қажетті дезинфекциялау жұмыстары жасалуда. Мұндай орындар жабық, әрі оларға сырттан тыс адамдар кірмегендіктен, нысандар күнделікті жұмысын жүргізе береді.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

#бізбіргеміз#

#bizbirgemiz#

http://atr.kz/bez-rubriki/қazaқstanda-koronavirus-zhұқtyrғandardyң-sany-33-ge-zhetti/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз