Атырауда жоғалған баланың ата-анасы әлеуметтік желі арқылы табылды

20190503134915 Жаңалықтар

Аtr.kz/4 мамыр, 2019 жыл. Кеше Атырауда жоғалып қалған баланың ата-анасы әлеуметтік желі арқылы табылды.

«Төрт жасар бала қала көшелерінің бірінде көзге түскен. Ол жалғыз өзі серуендеп жүрген. Ол өзінің аты-жөнін, қайда тұратынын, жалғыз не істеп жүргенін айта алмаған. Полицейлер «102» қызметіне хабарласқан, алайда бала жоғалғаны туралы хабар түспеген. Сол кезде оның суретін әлеуметтік желіге жариялау туралы шешім қабылданды. Оның ата-анасы бір сағаттан кейін табылды. Осы оқиғадан кейін олармен сөйлесіп, жоғалған ұлын қайтарып бердік», – деді полиция департаментінің баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиева.

Белгілі болғандай, ата-анасы перзентханадағы туысына кеткен кезде бала үйдің ауласында ойнап жүрген. Бұдан бұрын ол үйінен ұзап кетпеген. Осы жолы белгісіз себептермен ауладан шығып, адасып кеткен.

«Ата-аналарды кішкентай баласын қараусыз қалдырмауға шақырамыз. Балаларға үйдің мекенжайын немесе телефон нөмірін, аты-жөнін үйрету керек. Өкінішке қарай, балалардың жоғалып кетуі жиі болып тұрады», – деді Н.Қайсағалиева.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз