Атырауда Жастар жылы аясында қайырымдылық турнир өтті (+ФОТОРЕПОРТАЖ)

zhanatalap1 Жаңалықтар

Аtr.kz/24 сәуір, 2019 жыл. Атырау селолық округіне қарасты Жаңаталап елді мекенінде Жастар жылы аясында ауыл жастарының ұйымдастыруымен кіші аяқ доптан турнир өткізілді.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Ильяс Шайхиевтің айтуынша, екі күнге созылып,  көпшілік арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ауыл жастарының бос уақыттарын тиімді өткізуге, бірлікке, ұйымшылдыққа шақыруды көздеген  бұл турнирде «Ардагерлер» құрамасы және 1987-1998 жылдары аралығында туған жастардан құралған 12 команда өзара бақ сынасқан. Дода барысында әр команда қайырымдылық ниетте ақшалай қаражат жинап, ол жағдайы төмен отбасыларға көмек беру мақсатында жұмсалатын көрінеді.

Тартысқа толы жарыс нәтижесінде ақтық  сында 1993 жылы туған жастар 1989 жылы туған ауыл жігіттерінен басым болып, байраққа тігілген кубоктың иегерлері атанды. Ал, қола медаль 1997 жылы туған ауыл жастарының еншісіне тиді. Сонымен қатар, бұл жарыста Артур Қайрекесов – «Үздік қақпашы», Әділет Дүйсенғали – «Үздік қорғаушы», Нұрберген Нашимов – «Үздік сұрмерген»,  Данабек Қуаныш – «Үздік шабуылшы»,  Асхат Қабделов – «Үздік ойыншы»  атанды.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

57453569 2407241919496185 2417075283426279424 o
58652631 2407241966162847 8977002202971242496 o
57579934 2407242239496153 3145976871879966720 o
zhanatalap
57484665 2407242092829501 1014413323321475072 o
57402317 2407242319496145 2606064298400677888 o
57504779 2407242289496148 5930620537444237312 o
58461731 2407242399496137 8048444846400077824 o
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз