Атырауда жас түлектер жәрмеңкесі өтті

studentter Жаңалықтар

Atr.kz/1-наурыз, 2019 жыл. Биыл Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін 1805 студент бітіреді. 

studentter

Оларды жұмысқа орналастыру мақсатында  білім ордасында «Жас маман – 2019» түлектер жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге Назарбаев зияткерлік мектебінің, облыстық білім беру басқармасының, жастар мәселелері жөніндегі басқарманың, Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал-актілерін тіркеу бөлімдері мен қалалық, аудандық білім бөлімдерінің өкілдері қатысты.

Биыл облыстық білім беру басқармасы 528 жас маманға сұраныс берген. Оның ішінде 237 қазақ тілді, 291-і орыс тілді кадрларды қажет етеді. Жәрмеңкеде сұраныстың 155-і ғана қанағаттандырылды. Негізінен педагогика саласы бойынша 300 түлек оқу орнын тәмамдайды.                                    

Шара ұйымдастырушыларының айтуынша, өткен жылы университет түлектерін жұмысқа орналастыру көрсеткіші 88 пайызды құрады.  Бұл көрсеткішпен  университет республикада ең үздік 10 жоғары оқу орнының қатарынан орын алды. 

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз