Атырауда жаңа оқу жылында 132 500 оқушы білім алуды бастады (+ВИДЕО, ФОТО)

img 20200901 wa0087 Білім

«Бұл туралы Атырау облысы білім беру басқармасының әдістемелік орталығында «Zoom» платформасында өткен онлайн-сабақта айтылды» деп хабарлайды облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

https://www.facebook.com/atyraunews/videos/652370998743534/

Оған облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова, облыстық білім беру басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиев қатысты. Тікелей эфирге бір мезетте аймақтағы елуге жуық мектеп пен аудандық білім бөлімдерінің басшылары қосылды. Қашықтан оқытудың алғашқы сәтіне тікелей куә болған Бақытгүл Қайыржанқызы ұстаздар ұжымын, оқушылар мен ата-аналарды Білім күнімен құттықтап, сәттілік тіледі.

«Жаңа оқу жылын жаңа жағдайда, жаңа жүйеде бастап жатқан оқушыларға сәттілік тілеймін! Қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, білім алуға келіп жатқандарыңыздың өзі батырлықпен бірдей. Қадірлі ұстаздар қауымы, Ыбырай Алтынсариннің «Мұғалім – мектептің жүрегі» деген сөзі бар. Қиындыққа қарамастан, шәкірттерді білім нәрімен сусындату жолында аянбай еңбек еткендеріңіз үшін зор алғыс білдіреміз» деді ол.

Сондай-ақ, облыстық білім беру басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиев жаңа оқу жылында сандық технологияның мол мүмкіндіктерін пайдалануға шақырды.

«Білім мекемелерін жаңа жүйеге дайындау бағытында көптеген жұмыстар жасалды» деді ол.

Осыдан кейін Абай Құнанбайұлының 175, Әл-Фарабидің 1150, Ата Заңымыздың ширек ғасырлық және басқа да мемлекеттік мәні зор атаулы мерейтойларға арналған сабақтар өткізілді.

Биыл баласы бірінші сыныпқа барған ата-аналардың бірі Әміржан Нұрлан жаһанды жайлаған жұқпалы дертке қарамастан, салиқалы ұрпақ тәрбиелеуде бар күш-жігерімізді біріктіретін уақыт келді деп санайды.

«Біз, ата-аналар ретінде барлық қойылған санитариялық талаптарды қатаң сақтаймыз» деді ол.

Айта кетейік, мектептерде санитариялық талаптар толық сақталған. Атап айтқанда, әлеуметтік арақашықтықты сақтауға арналған жолақтар, санитариялық қауіпсіздікті қамту мақсатында төселген кілемшелер мен кварцтар орнатылған.

Cондай-ақ, 170 мектепте 1622 кезекші сынып жұмысын бастады. Оларда 1-4 сыныптың 22 962 оқушысы білім алады. Ал жалпы Атырау облысы бойынша жаңа оқу жылында 196 мектепте 132 500 оқушы білім алуды бастап кетті.

Суреттерді түсірген: Жандарбек

img 20200901 wa0088
img 20200901 wa0092
img 20200901 wa0090
img 20200901 wa0091
img 20200901 wa0089
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз