Атырауда «Үздік мемлекеттік қызметші» байқауы басталды

IMG 20190425 WA0028 Жаңалықтар

Аtr.kz/26 сәуір, 2019 жыл. Байқауға қатысуға ниетті үміткерлердің құжаттары 5 мамырға дейін қабылданады.

Конкурсқа мемлекеттік қызметте бір жылдан кем емес еңбек өтілі бар, әкімшілік және тәртіптік жазалары жоқ мемлекеттік қызметшілер қатыса алады. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Руслан Тұңғышбаев мемлекеттік мекемелердің мамандары қатысқан брифинг барысында баяндады.

 «Жалпы, конкурс екі негізгі кезеңде өтеді. Бірінші кезең – өңірлік кезең, оны өңірлік конкурстық комиссиялар өткізеді. Екінші кезеңге жолдама алған жеңімпаздар ғана республикалық деңгейде өз бақтарын сынайды. Байқауға қатысушы шығармашылық тұрғыдан дамып, білімін жетілдіруге мүмкіндік алады. Бұл шараның жоғары деңгейде өтуіне қоғам болып атсалысуымыз керек.  Сондықтан, өздеріне сенімді жастарды байқауға белсенді қатысуға шақырамын», – деді Руслан Кәрібайұлы.

IMG 20190425 WA0031

Ал, өткен жылғы «Үздік мемлекеттік қызметші» республикалық байқауының жеңімпазы, Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Марат Абуов эссе жазуда қиналғанын айтады. «Мені қызметімді жетік білетінім жеңіске жеткізді. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың тиімділігін арттыру бойынша қорғаған жобалық жұмысым комиссияның талабынан шықты. Бұл  байқаудың арқасында көп нәрсе үйрендім. Ендігі қатысатын үміткерлерге сенімділік пен сәттілік серік болсын» деген Марат Алменұлы әріптестерін байқауға қатысып, өздерін жаңа қырынан танытуға шақырды.

Конкурс жеңімпаздары 23 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілер күнінде марапатталады.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз

  1. Бота

    Елімнің болашағына алаңдайтын жас патриот өрені ретінде мен де екі жылдық еңбек өтіліммен атаулы байқауда бақ сынақмақпын. Бақ сынаушы әріптестерімнің барлығының да жүрегі «Елім» деп соғатынын ескеретін болсақ, бұл байқауда жүзден жүйрігі оза шабатыны сөзсіз. Олай болса барша байқауға қатысушыларға сәттілік тілеймін! Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын! #жарқынболашақ

  2. Бота

    Елімнің болашағына алаңдайтын жас патриот өрені ретінде мен де екі жылдық еңбек өтіліммен атаулы байқауда бақ сынамақпын. Бақ сынаушы әріптестерімнің барлығының да жүрегі «Елім» деп соғатынын ескеретін болсақ, бұл байқауда жүзден жүйрігі оза шабатыны сөзсіз. Олай болса барша байқауға қатысушыларға сәттілік тілеймін! Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын! #жарқынболашақ